Новости и события

БҚО фермерлеріне тұқымның сапасын тексерудің маңыздылығы туралы ескертілді

10 сәуірде КазАгрЭкс Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері Шыңғырлау ауданының көктемгі далалық жұмыстарына қатысты мәселелер бойынша жиналысқа қатысты.
Баяндамашы БҚО бойынша сынақ зертханасының Ержігіт Коблан "Егілетін тұқымның және астықтың сапасын зерттеу жұмыстары" және бас технолог Айгүл Зинекешева "Егістік алқаптардың топырақтарын зерттеу жұмыстары" бойынша мәлеметтермен таныстырылды.
Жиналыста аудан әкіміне егіспен айналасатын 56 шаруашылық болса, соның тек қана 20 шаруашылығы "КАЗАГРЭКС" АҚ мекемесімен байланыс жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. Қалған 36 шаруашылықтар осы қызметтерге қатысуға шақырылып талаптар қойды. Топырақ зерттеу жұмыстары қалай істелетіні, жүргізілетіні нақты айтылып, жиналыстың тақырыбы бойынша берген сұрақтарына жауап қайтарылды.
Нәтижесінде, аудандық әкіміне, әкімшілігіне және шаруашылықтарына қызметіміз, жұмысымыз туралы ақпарат жеткізіліп, сонымен қатар тығыз байланыста жұмыстарымызды жүргізуге өтініштеріміз, ұсыныстарымыз бен талаптарымыз қойылды.
Форумы и встречи