Новости и события

045 бағдарламасы фермерлерге қандай пайда әкеледі?

Мемлекет, өздеріңіз білетіндей, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың түрлі құралдарын пайдаланады. Олардың бірі - 045 "Ауыл шаруашылығы дақылдарының отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын анықтау" бюджеттік бағдарламасы.
Бұл бағдарлама қарапайым фермерге не береді?
Қазагрэкс орталық тұқым зертханасының меңгерушісі Елена Гильманованың айтуынша, осы бағдарламаға қатыса отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші аккредиттелген зертханаларда тұқымдарды тегін тексеруге мүмкіндік алады. Бұл тұқым сапасының өнімділікке әсер ету дәрежесі 40% жететінін ескерсек, өте маңызды процедура. Бағдарламаға ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің балауыз пісіп-жетілу сатысында вегетация кезеңінде тұқым егістіктерін сынақтан өткізген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіқатысуға жіберіледі. Ол үшін олар аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне барып, тиісті өтінім беруі керек.
Көрші мемлекеттерден әкелінген тұқымдар сорттық құжаттармен бірге жүруі және ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізіліміне енгізілуі тиіс. Е. Гильманова атап өткендей, осы құжаттардың негізінде аграрийлер егінді сынақтан өткізуге өтінім бере алады және сәйкесінше егін жинаудан кейінгі кезеңде ҚазАгрЭкс зертханаларында жиналған тұқымның себу сапасын бағдарлама бойынша тегін тексере алады.
ҚазАгрэкс-тің барлық облыстық филиалдарында апробаторлар бар, байланыстар компанияның сайтында көрсетілген.
Статьи