Новости и события

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруын, береке мен бірлікті, молшылық пен ырыстың бастауы болатын қасиетті мереке. Ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері – ел экономикасының тірегі, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші күш. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жеріміз жемісін беріп, халқымыздың ырысы арта түсуде.
Осы жарқын мерекеде әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз! Еліміз өркендеп, ауыл шаруашылығы саласы дами берсін!
Наурыз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Болат Жумабеков