Новости и события

045 бюджеттік бағдарлама аясында Павлодар облысы бойынша тұқым зертханасы 80 мың тоннадан астам тұқымды тексерді

Павлодар облысы бойынша "ҚазАгрЭкс" АҚ тұқым зертханасы 045 бюджеттік бағдарлама шеңберінде келіп түскен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз тұқымдарын тексеруді сәтті аяқтады.

Облыс зертханаларында барлығы 80875,4 тонна, оның ішінде 14922 - картоп, 62619,83 - дәнді дақылдар, 1389,5 - майлы және басқа да дақылдар тексерілді.

Тұқымдар 5 көрсеткішке: тазалық, зиянкестермен қоныстану, ылғалдылық, өну және 1000 тұқымның салмағына тексерілді. Тұқымдық картоп ішкі және сыртқы зақымдануларға, қоспалардың болуына, түйнектердің мөлшеріне, басқа ботаникалық сорттың түйнектерінің болуына тексерілді.

Тұқым зертханасының мамандары атап өткендей, тексеруден өткен тұқымдар НҚ стандартының талаптарына сәйкес келеді, оның ішінде: бірінші сыныпқа - 56144,65 тонна, екінші сыныпқа - 16162,49 тонна, үшінші сыныпқа – 6694,29 тонна.