Новости и события

"ҚазАгрЭкс" АҚ Қарағанды филиалы заманауи жемшөп өндірісін дамыту семинарға қатысты

"ҚазАгрЭкс" АҚ Қарағанды филиалының директоры Амантай Оралов Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында «Ұлытау облысында тиімді жем-шөп дайындау» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы арнайы келіп қатысқан маңызды кездесуге облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарастыбірқатар мемлекеттік мекемелер өкілдері, 40-қа жуық шаруа, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты, "АлматыГидроГеология" және "Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" өкілдері келіп қатысты.

Семинардың негізгі тақырыптары - жемшөп дайындауда заманауи тәсілдерді іс жүзінде қолдану, Жаңаарқа ауданындағы АӨК дамыту, дәнді дақылдарды өсіру технологиясы болды. Қатысушылар ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытуға, соның ішінде техниканы жаңғыртуға және жем өндірісін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды да талқылады.

«Өңір экономикасындағы ауыл шаруашылығы үлесінің артуы тұрақтылық пен дамудың негізгі факторы. Сәйкесінше "ҚазАгрЭкс" АҚ Қарағанды филиалының бұл бағытта атқарып жатқан жұмысы орасан. Қазіргі уақытта Жаңаарқа тұқым зертханасының жұмысы облыс орталығында жүргізіліп отыр. Жаңаарқа егістігінің көлемі мен зерттелуі тиіс тұқымның азаюына байланысты жергілікті тұқым зертханасының жұмысы тоқтап тұр. Тозығы жетсе де іске жарамды барлық құрылғылар тапсырыстың болмауынан қазіргі уақытта шаң басып тұр. Сол зертхананың жұмысын жандандыру мақсатында жұмыс жасалуы тиіс. Өнім мол болуы үшін топырақ құнарлы болуы шарт. Ал қажетті топырақ құнарлылығын анықтау үшін "ҚазАгрЭкс" АҚ аудандық тұқым зертханасы топырақтың агрохимиялық зерттеулерін жүргізуді қоса алғанда, қызметтердің кең спектрін ұсынады. Бұл зерттеулер топырақтың құрамындағы жетіспейтін химиялық минералдарды анықтауға көмектеседі және топырақ құнарлылығын жақсартудың оңтайлы шараларын анықтауға мүмкіндік береді. Бірлесе жұмыс жасау арқылы, зерттелуі тиіс материалдың зертханаға дер кезінде жеткізілуі де маңызды" - деді "ҚазАгрЭкс" АҚ Қарағанды филиалының директоры Амантай Оралов.

Бұл іс-шара тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін әртүрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады, нәтижесінде жағдай жақсарады және ауылдық жерлердегі өндіріс арта түседі.