Новости и события

Ақмола облыстың егіс алқаптарының 80%-ы қазақстандық селекция тұқымдарымен себіледі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақмола облысының егістік алқаптары мен А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталыққа барып, өңір шаруаларымен кездесті.

24 мамырда Ақмола облысында жалпы егіс алқабының 5,2 млн га-на 1,6 млн га егілді. Облыстың егіс алқаптарының 80% -ы қазақстандық селекцияның тұқымдарымен, оның ішінде А.Бараев атындағы Ғылыми-өндірістік орталықтың ғалымдары шығарған сорттармен себіледі.

Айдарбек Сапаров Орталықтың талдау зертханаларында болып, Шортанды жақсартылған 95, Шортанды 2012, Шортанды 2014, Таймас сияқты сұрыптарды көбейту жөніндегі ғалымдардың жұмыстарымен танысты. Орталық ұжымы егістікті әртараптандырудың тиімділігі, топырақ ылғалын сақтау және тиімді пайдалану, топырақты эрозиядан қорғау, тұқымдық материалды егіске дайындау туралы айтты.

«Айям-7» ЖШС алқабында, одан кейін онлайн режимде министр шаруалардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктеріндегі өзгерістер, статистикамен жұмыс және АӨК жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

«Тыңайтқыш беріп, сапалы тұқым пайдаланатын шаруалар 20-25 ц/га өнім алып жатыр», - деді министр. Бұл тоннасы 70-80 мың теңгеден сатылатын ресейлік астықпен бәсекелесуге мүмкіндік береді дейді ол.

Өкінішке орай, Қазақстанда 6 мыңнан астам шаруашылық тыңайтқыштардың жеткілікті көлемін пайдаланбайды, оның басты себебі – минералды тыңайтқыштарды сатып алуды уақтылы қаржыландырудың жоқтығы.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тыңайтқыш енгізу көлемін 1,5 миллион тоннаға дейін арттыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында шаруаларға қажетті қолдау шараларын көрсетуде. Алдын ала субсидиялаудың жаңа механизмі бар, тыңайтқыш өндірушілермен бөліп төлеу мәселесі пысықталды. Бұл шаруаға қазір емес, кейінірек егіннен төлеуге мүмкіндік береді. Айдарбек Сапаров шаруаларды құралды белсенді пайдалануға шақырып, аудан әкімдіктеріне әрбір шаруаға ақпарат жеткізуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Несие мерзімі – 12 айға дейін. «Кең дала-2» бағдарламасына өтінімдер 29 сәуірден бастап қабылдануда, өтініштер күн сайын, соның ішінде демалыс күндері де қабылданады.

Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 600-ден астам шаруа қожалығы жалпы сомасы 46,6 млрд теңгеге өтінім берді, бұл 425,2 мың гектар егіс алқабын қамтуға мүмкіндік береді.
2024-05-27 10:24