Новости и события

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұқымға пайдаланатын егістерде қайта байқау жұмыстары жалғасуда

Осы жылдың 10-12 шілде күндерінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Казақстан аграрлық сараптамасының тұқым сарапшылары- байқаушылары күздік дақылдардың егістерінде, соның ішінде қара бидай және ақ бидай өнімдерінің астықтары сапалы тұқым ретінде пайдалануын анықтау мақсатында қайта байқау жұмыстарын жүргізді. Теректі ауданында байқаушылар Орал тұқым зертханасының меңгерушісі Ж. Загипова және Теректі тұқым зертханасының меңгерушісі М. Ғайнетдинова қайта байқау жұмыстарын алты шаруашылығында жүргізді. Байтерек ауданында тұқым зертханасының меңгерушісі-байқаушы С. Бахметова екі шаруашылықта жүргізді. Тасқалада тұқым зертханасының меңгерушісі-байқаушы С. Нұртазина бес шаруашылықта қайта байқау жұмыстарын жүргізді. Бөрлі ауданы бойынша тұқым зертханасының меңгерушісі-байқаушы Е. Карнаухова жеті шаруашылықта қайта байқау жұмыстарын сәтімен орындады! Батыс Қазақстан облысы бойынша тұқымға пайдаланатын егістерде қайта байқау жұмыстары жалғасуда!
Нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдардың егістерінде сапалы тұқымдар ретінде пайдалануын анықтау мақсатында қайта байқау жұмыстары 20 шаруашылықта 7134 гектар көлемінде жүргізілді!!!
2024-07-12 14:39